Жарнама
Жаңалықтар

Ауыл мамандарына арналған жаңа мүмкіндік: бастапқы жарнасыз ипотека іске қосылды

Қазақстанда ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барған мамандар үшін жаңа тұрғын үй мүмкіндігі пайда болды. «Отбасы банк» «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында бастапқы жарнасыз, жылдық 1% мөлшерлемемен ипотекалық несие беруді бастады.

Бағдарлама ауылдар мен аудан орталықтарына барып, ел дамуына үлес қосып жүрген мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздейді.

Несие сомасы — 2 500 АЕК-ке дейін (шамамен 9,8 млн теңге),
мерзімі — 15 жылға дейін.

Қатысушылар үй сатып алуға немесе жеке тұрғын үй салуға несие рәсімдей алады.

Бағдарламаға білім беру, медицина, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт салаларында еңбек ететін, кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар мамандар қатыса алады.

Мамандардың ауылдық жерге тұрақтап, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бұл бастама – елдегі өңірлік дамуды қолдаудың маңызды қадамы болып отыр.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button