АКЦИЯ: Аулардан таза айдындар (+ФОТО)

WhatsApp Image 2019 08 19 at 10.49.15 1 Жаңалықтар

Atr.kz/19 тамыз, 2019 жыл. Атырау облысында 2000 астам адам «Аулардан таза су айдындары» акциясына қатысты.

17 тамызда Қазақстанның 72 су айдынында «Аулардан таза су айдындары » («Водоемы – чистые от сетей») экологиялық акциясы өтті. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұған мұрындық болып, қазақстандықтарды қатысуға шақырды, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Синтетикалық аулар арзан және қолжетімді болғандықтан, оларды пайдаланып заңсыз түрде балық аулайтын адамдар инспекторлардың тексеруі кезінде бұндай ауларды суға лақтырып, оңай құтылады. Осының салдарынан жағалау аймағын синтетикалық материалдардан жасалған аулар қоқысқа айналдырған. Және ұзақ уақыт шірімейтін бұл ауларға балық шырмалып, өліп жатады.

WhatsApp Image 2019 08 19 at 10.49.14
WhatsApp Image 2019 08 19 at 10.49.14 1
WhatsApp Image 2019 08 19 at 10.49.16

– Бұл біздің күнделікті жұмысымыз, функционалдық міндетіміз. Десек те, Экология министрлігінің осындай ауқымды акциясы қажет-ақ. Біздің облысымызда аталмыш акция өңірдегі барлық су айдындарында – Атырауда, Махамбет, Индер, Құрманғазы аудандарында өтіп жатыр,-деді орман шаруашылығы және жануарлар әлемі Дамба инспекциясының басшысы Еламан Хабибуллин. 

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының хабарлауынша, қытайлық ауларға суда жүзетін құстар да тап болып, өлуі мүмкін. Бұл қоршаған табиғи ортаға және су биоресурстарына орасан зор нұқсан келтіреді. 

Су айдындарын тазалауға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының қызметкерлері, әкімдіктердің өкілдері, орман шаруашылықтары, экологиялық ұйымдар, белсенділер мен волонтерлар атсалысты. Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мәліметі бойынша, соңғы 3 жылда браконьерлер Солтүстік Каспийдің балық қорларына 254 млн. теңге көлемінде нұқсан келтірген. 

WhatsApp Image 2019 08 19 at 10.49.16 2
WhatsApp Image 2019 08 19 at 10.49.15 2
WhatsApp Image 2019 08 19 at 10.49.16 1
WhatsApp Image 2019 08 19 at 10.49.15
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз