Ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау облысында автожол жабылды

8757 Жаңалықтар

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.

«8 ақпан күні сағат 09:00-ден бастап «ҚазАвтоЖол» АҚ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ) Республикалық маңызы бар А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автокөлік жолдарының 616км -779 км (Атырау қаласынан Зинеден селосына дейін) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», – делінген хабарламада.

Атырау облысы ТЖД осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметі жіберетін СМС хабарламаларды ескеруді сұрайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз