Пенчак Силат Федерациясының атыраулық спортшылары жүлдемен оралды

img 20210805 wa0021 Жаңалықтар

23-25 шілде аралығында Қырғызстанда Пенчак Силаттан ІІ Орта Азия жағажай турнирі өтті.

Атап өтерлігі, бапкер Айбек Нұрлыбеков бастаған Атырау облысы Пенчак Силат Федерациясының спортшылары жақсы нәтижемен елге оралды.

Соның ішінде, Жолдас Артур мен Ермекқали Арсен – екінші тұғырдан көрінді.

Ал, Орынбай Темирлан, Серик Айқын, Тасмагамбетов Нурдаулет, Толеугали Ернур, Адилбек Нурхан, Ныгымет Ерназар және Жолдасов Айбол үшінші орынға табан тіреді.

Ендеше, жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көріне берсін деп тілейік!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз