Атыраулық спортшы жүзуден өткен Қазақстан чемпионатында 3 медаль алды

fb img 1623002787130 Жаңалықтар

Атыраулық спортшы Альфия Тілекқабыл Тараз қаласында жастар арасында өткен паражүзуден Қазақстан Республикасының чемпионатында тамаша нәтиже көрсетті.

Екі күнге созылған чемпионатта атыраулық талантты спортшы Альфия Тлекқабыл 1 алтын және 2 күміс жүлдеге ие болды.

Альфия 50 метрде шалқалай жүзуде алтын, 100 метрде күміс жүлдеге ие болды. Ал брасс әдісімен жүзуде күміс медальға қол жеткізді. Талантты спортшының жаттықтырушысы – Нұрлан Жұмағазиев.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз