Атыраулық спортшы ел чемпионы атанды (+ФОТО)

img 20201121 205816 Жаңалықтар

Атыраулық спортшы Сырбаз Талғат 70 келі салмақта өнер көрсетіп, ел чемпионы атанды.

20-21 қараша күндері Алматы қаласында еркін күрестен ел біріншілігі өтуде. Бұл ұлттық құрамаға іріктеу болғандықтан, мұнда еліміздің ең мықты деген балуандары белдесуде. Жарыстың алғашқы күні, 20 қарашада 57, 61, 86 келі салмақта чемпиондар анықталды. Бүгін, 65, 70 және 97 келіге дейінгі салмақтағы балуандар боз кілемге шықты. Әлемнің және Азия құрлығы чемпионаттарының жүлдегері индерлік Сырбаз Талғат чемпион болды. Ол жартылай финалда қарағандылық Ғалымжан Иадулланы 9:3 есебімен ұтса, ақтық сында шымкенттік Нұржан Сейтжановты таза жеңді.

Сөйтіп, екінші орынды шымкенттік Нұржан Сейітжан алса, үшінші орын Алматы облысының балуаны Е.Тәңірбергенов пен Солтүстік Қазақстаннан келген С.Бейсаловқа бұйырды.

Енді еркін күрес шеберлері 22 қарашада 74, 79, 92, 125 келі салмақта сынға түседі. Ал әйелдер күресінен 23 қарашада 10 қарашада жүлделер сарапқа салынса, грек-рим күресінің шеберлері 24-26 қараша аралығында тоғыз салмақта жүлдеге таласады.

Айта кеткен жөн, Сырбаз – бұған дейін де жастар арасында екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионы болып табылады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

img 20201121 wa0079
fb img 1605987534601
img 20201121 wa0078
img 20201121 wa0080
fb img 1605987532050
fb img 1605987536984
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз