Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық құтқарушы “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды

Құтқарушылар күні қарсаңында Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Сырым Жаймағамбетов Мемлекет басшысының қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

1975 жылы Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеге келген Сырым Жаймағамбетов — жоғары білімді маман. Ол 1998 жылы Атырау мұнай және газ институтын, ал 2019 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын тәмамдаған.

Қызметтік жолын ол 2008 жылдан бастап төтенше жағдайлар саласында бастаған. Осы жылдар ішінде кәсіби тәжірибесімен, жауапкершілігімен және өз ісіне адалдығымен көзге түсті.

Мемлекет басшысының жоғары мемлекеттік марапаты – құтқарушының қоғам алдындағы ерен еңбегі мен азаматтық борышын абыроймен атқаруының айғағы.

Айта кетейік, бұл марапат Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығымен де тұспа-тұс келіп отыр.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button