Атыраулық офицер –AQUATLON жарысының жеңімпазы (+ФОТО)

WhatsApp Image 2019 07 09 at 15.11.48 Жаңалықтар

Atr.kz/14 шілде, 2019 жыл. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі бір аптаның ішінде екі жарыстың жүлдегері атанып керемет жетістікке қол жеткізді.

41433 әскери бөлімінің офицері аға лейтенант Сергей Садриев Атырау қаласында өткен жаппай жүгіруде үшінші орынға ие болды. Аталмыш жарыстың ұзындығы 4500 метрді құрап, оған 600-ге жуық қала тұрғындары қатысты.

Ал үш күн өткеннен кейін, олAQUATLON біріншілігінің жеңімпазы атанды. Жарыс ережесі бойынша спортшылар 250 метрді құрайтын бассейнді жүзіп өтіп, 3000 метр арақашықтықты жүгіріп өту тиіс болды.

IMG 8867

 «Жарыстың басты мақсаты ол салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, жүгіруді насихаттау және жастар мен аймақ тұрғындарын бұқара спортпен айналысуға шақыру болды», – дейді ұйымдастырушылар.

Бұл жеңіс әскери қызметшінің алғашқы жетістігі емес. Соңғы бір жылдың ішінде, ол Атырау марафонының, «Atyrau Yellow Race», «Atyrau Ice Race», Dala Race және Астана марафон 2019 жарыстарының жүлдегері атанған еді.

Рустем Игисинов,

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметкері, капитан

WhatsApp Image 2019 07 09 at 15.11.481
WhatsApp Image 2019 07 09 at 15.11.481 1
WhatsApp Image 2019 07 09 at 14.20.01
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз