АТЫРАУЛЫҚ БИЗНЕСМЕН АУЫЛҒА СПОРТ ЗАЛЫН СЫЙЛАДЫ

whatsapp image 2021 10 14 at 15.22.54 Жаңалықтар

Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында балалар бокс, кроссфит, ММА, қазақша күрес, дзюдо және басқа да күрес түрлерімен айналыса алатын жаттығу залы ашылды, деп хабарлайды atr.kz Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап

Жаңа спорт залы «Батыр боламын» қорының бастамасымен жергілікті кәсіпкер, Атырау қалалық мәслихат депутаты Ілияс Қонысбаевтың қолдауымен ашылды.

Осыдан бір ай бұрын «Батыр боламын» қоры Қызылқоға ауданы Абай ауылында осындай спорт залын салды. Аталған спорт залында жұмыс жасаған спортшылардың бірі жақында ел чемпионы атанды.

Қарабау ауылында біз ескі клубты күрделі жөндеуден өткіздік, оны спорттық қажетті құралдармен жабдықтадық.

Ауыл балаларының бақытты күлкісін көрудің өзі қуаныш, – деді Ілияс Қонысбаев.

Кәсіпкердің айтуынша, олар мұндай спорт нысандарын Атырау облысының барлық ауылдарында салуға ниетті.

Алға қарай Қазақстанның басқа аймақтарының ауылдарына да салу жоспарда бар.

Спорт залының салтанатты ашылуына Паралимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері Әнуар Сариев, Аргентинадағы жастар арасындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Әбілмансұр Батырғали, облысқа танымал спортшылар мен «Батыр боламын» қорының өкілдері келді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз