Атыраулық балуан Азия чемпионы атанды!

67144815 2465827166970993 7803533815338500096 n Жаңалықтар

Atr.kz/14 шілде, 2019 жыл. Атырау спорты тарихында ерекше жеңіске қол жетті.

Тайланд елінде еркін күрестен жастар арасында Азия чемпионаты өтуде. Құрлық додасында Атырау облысының спортшысы Сырбаз Талғат қарсылас шақ келтірмей, алтын жүлдеге ие болды.

Бұл Атырау облысы тарихындағы еркін балуандары еншілеген алғашқы Азияның алтын медальі. 65 келіде бақ сынаған спортшымыз іріктеу кезеңдерінде Қырғызстан, Өзбекстан және Үндістан балуандарын ұтса, ақтық сында Иран елінің спортшысын соңғы секундттарда қапы қалдырды.

Айта кету керек, былтыр Үндістан елінің Нью-Дели қаласында Азия чемпионатында Сырбаз күміс жүлде иеленген болатын. Жаттықтырушылар – Аслан Жаманбаев, Нәсіпқали Каукенов.

WhatsApp Image 2019 07 14 at 21.28.03 1
WhatsApp Image 2019 07 14 at 21.28.04
WhatsApp Image 2019 07 14 at 21.28.03
66452884 2465827196970990 1735278598467616768 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз