img 20201028 154310 scaled

Атыраулық ассамблеялық жастар зағиптарға 2 тонна көкөніс таратты (+ФОТО)

Адамгершілік айнасы Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ Қоғам

Atr.kz/28 қазан, 2020 жыл. Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы «Қамқор» қайырымдылық айлығы аясында «Мөлдір көз» соқырлар қоғамына барлығы екі тонна көкөніс өнімдерін тарту етті.

Атап айтқанда, бүгін өңірдегі соқырлар қоғамына қажетті картоп, орамжапырақ, сәбіз және пияз жеткізілді.

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалыстың көшбасшысы, Атырау қалалық мәслихат депутаты Тамила Розметова бұл игі іс алдағы уақытта тұрақты негізде жалғасын табатындығын айтып отыр.

«Біз тек көкөніс өнімдерімен ғана емес, сондай-ақ, мұқтаж жандарды табиғи таза ешкі сүті мен одан жасалатын тағам түрлерімен де қамтамасыз етуді қолға алғымыз келеді. Аптасына бір рет осындай көмек беріп тұрған дұрыс деп санаймын. Біздің еріктілеріміз әр мұқтаж жанның қажеттілігін мекен-жайлары бойынша жеткізетін болады» дейді ол.

Айта кетейік, сүтті ешкілерімен танылған «Сарайшық» зауыты мен «Атырау агроөнімдері» шаруа қожалығының жетекшілері ағайынды Розметовтер отбасылық бизнеспен айналысады. Бүінде олар жылына 1000 тонна көкөніс өнімін өсіріп, қолжетімді бағамен аймақ жұртын жарылқап отыр.

Өз кезегінде Атырау облыстық соқырлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, І топ көз мүгедегі Жұмабай Әбуғалиев жастарға үлкен ризашылығын жеткізуде.

«Былтыр зағип жандардың «Мөлдір көз» қоғамдық бірлестігінің жанынан бірлестік ашқан едім. Ал, жалпы, «Мөлдір көзде» 127 мүгедек болса, соның 67-сі – І топ көз мүгедегі. Сондай-ақ, 12 адам жеңіл тамақ өнеркәсібімен айналысады. Қамқорлық айы саналатын қазанда алғаш болып «Жаңғыру жолының» жастары қол ұшын беріп жатыр. Біздер 59 мың теңге әлеуметтік жәрдемақы аламыз. Бұл көп жағдайда жете бермейді. Сондықтан осындай қайырымдылық көмектің мәні зор» деді ол бізбен әңгімесінде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

img 20201028 153119
img 20201028 153158
smart
img 20201028 153113
img 20201028 154354

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған