АТЫРАУДЫҢ АЛТЫН САНДЫҒЫ: газ-химия кешені пайдалануға берілгенде еліміз көл-көсір табысқа ие бола ма?

poaoap Жаңалықтар

Atr.kz/21 қаңтар, 2020 жыл. Атырауда интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы жүруде.

1.Жаңа жобаның жаңалығы

Қытайлық мердігер компания алып нысанның іргетасын құю жұмыстарын бітірді. Осылайша, мемлекеттік бағдарламаға енгізілсе де, биік мінберлерден бірнеше қайтара айтылса да, кейінге қалып келген жоба жүзеге аса бастады.

ТАБЫСТЫ САЛА – ТҰРАҚТЫ ТАБЫС

Әлемде мұнай-химия өнеркәсібі өніміне сұраныс өсуде. Табысы мол, әрі қарқынды дамып келе жатқан саланың бүгінгі қаржы айналымы 1 трлн. долларды құрады. Енді алдағы жылдары 1,8 трлн. долларға дейін ұлғаяды деп болжануда. Экономикасы өркендеген елдерде соңғы бес жылда мұнай-химия өнеркәсібіндегі өнімдердің өсімі 7 пайыздан асты. Олар жұмсаған әр долларына қосымша 2-3 доллардан өсім алып, қосымша 7 жаңа жұмыс орнын ашып отыр. Шикізат өндіруді ғана емес, қосымша құны жоғары өнім шығаруды мақсат еткен еліміз де осы бағытқа бет бұрды.

– Атырауда қолға алынған жобадан зор үміт күтуге болады. Өйткені, газ-химия кешені қосымша құны жоғары өнім өндіруге мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан оның жүзеге асуына барлық қолдау шаралары жасалып жатыр, – деді Энергетика министрлігінің газ және мұнай-газ, химия департаментінің директоры Зияш Қияқбаев.

Облысымызда арнайы экономикалық аймақ үшін үш жер телімі бөлінді. Интеграцияланған Атырау газ-химия кешені соның ауқымында қолға алынып отыр. Жоба әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірісін құруды, оны озық технологиямен жасақтауды мақсат етеді. Жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асады. Салық және кеден төлемдерінде артықшылыққа ие, жобалау және құрылыс кезінде халықаралық стандарттар қолданылған газ-химия аймағында инвесторларға барлық жағдай жасалған. Нысанға инфрақұрылым жеткізу шығындары да мемлекет есебінен жүзеге асуда.

Департамент директорының айтуынша, осы мақсатқа бюджеттен шамамен 207 млрд. теңге қаралады. Соның 157,2 млрд. теңгесі бөлініп, теміржол, автокөлік жолы, электр жарығы бағаналары мен газтурбина электр стансасы салынды. Жобаларды дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету оның құнын айтарлықтай төмендетеді. Күрделі шығындарды 20 пайызға, операциялық шығындарды 15 пайызға дейін қысқартады.

– Зауыттың іргетасын құю жұмысы белгіленген уақытта аяқталды. Оған 110 мың текше метр бетон жұмсалды. Бұл ауқымды жоба болғандықтан, қойылып отырған талап та ерекше, – деді қытайлық мердігер компания өкілі Ван Изиган.

ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

А т ы р а у д а ғ ы интеграцияланған газ-химия кешені Қазақстан экономикасына тың серпін береді. Оған қажетті шикізат Теңіз кенішінен шыққан газдан алынады деп жоспарлануда. Газ мұнайлы аймақта салынатын газ айыру стансасындағы өндірістік құрылғының көмегімен бөлініп, желі арқылы Қарабатанға жеткізіледі. Үлкен жобаға сәйкес, мұнда ауқымды жұмыстар жүзеге асқалы отыр.

– Нарықта газ-химия өндірісінің өнімдеріне сұраныс жоғары болғандықтан, оны сату – газды саудалаудан әлдеқайда тиімді. Төрт-бес қайтара өңдегеннен кейін «көгілдір отынның» соңғы өнімінің құны 5-6 есеге өседі. Мысалы, Қытайға экспортқа шығарылатын 1 мың текше метр газдың құны шамамен 250 долларды құрайды. Өңделіп, қосымша құны жоғары өнімге айналғасын, оның бағасы еселеп жоғарылайды. Сондықтан, газды шикізат ретінде пайдалануға маңыз берілуде, – деді Энергетика министрлігінің департамент
директоры.

Интеграцияланған газ-химия кешені екі технологиялық қондырғыдан тұрады. Оның бірі – сутексіздендіру пропаны жаңа өнім – пропилен шығару үшін қажет болса, екіншісі – полипропиленнің соңғы өнімін өндіруге керекті жабдық. Осылайша, өндірістік желі арқылы газ этаннан полипропилен және полиэтилен өндіріледі. Мамандар жобаны жүзеге асыруға АҚШ-тың «Lummus Technology Inc.» компаниясының өндірістік технологиясы пайдаланылатынын айтып отыр.

НАРЫҚТА СҰРАНЫС КӨП

Exxon Mobil, Shell секілді халықаралық мұнай-газ өндіретін компаниялар мен Nexant консалтингтік құрылымы Қазақстандағы мұнай-химия өндірісінің болашағына болжам жасаған еді. Зерттеулер қолға алынған ауқымды жобалардың табысты болатынына сендіріп отыр. Өйткені, жергілікті өнімдер сапалылығымен ерекшеленеді. Тағы бір тоқталары, АҚШ компаниялары мұнай-химия саласының табыстылығын іс-шараларымен көрсете бастады. Пластик бұйымдар, тыңайтқыш, желім секілді, тағы басқа мұнай-химия өндірісінің өнімдерін саудалағандар қазір көлкөсір табысқа кенелуде. Бірер компанияның өзі оның көлемін 17 млрд. доллардан 110 млрд. долларға дейін еселеп шарықтатуды жоспарлап отыр.

Ал, Platts және IHS халықаралық маркетингтік компаниялары 2030 жылға қарай полипропиленге деген ұсыныс 90 млн. тонна болса, сұраныс 98 млн. тоннадан асатынын айтуда. Полиэтиленге ұсыныс шамамен 120 млн. тонна болғанында, сұраныс 160 млн. тоннаға дейін ұлғаяды. Бүгінде Қазақстан пол и п р о п и л е н с е к і л д і бұйымдарды шетелден тасымалдауда. Оның көлемі 40 мың тоннаны құрайды. Болашақта Атыраудағы интеграцияланған газхимия кешені пайдалануға б е р і л г е н і н д е о с ы қажеттіліктің бәрі өзіміздің есебімізден жүзеге асады. Өнімді сыртқы саудаға ш ы ғ а р ы п , м е м л е к е т қазынасына көл-көсір пайда әкелуге мүмкіндік бар. Ең бастысы, Атырау облысында жаңа жұмыс орындары көбейіп, салық түсімі еселенеді.

Азамат БАЗАРБАЕВ

  • Өнімге сұраныс берген елдер – Қытай, Түркия, Орталық Еуропа, ТМД елдері.

Атыраудағы интеграцияланған газ-химия кешені: Инфрақұрылымға қаралған қаражат – шамамен 207 млрд. теңге. Қазіргі бөлінгені – 157,2 млрд. теңге.

Шығарылатын өнім – полипропилен экспорты – 90 пайыз (жоспарлануда).

Жоба толық жүзеге асқанда, газ-химия өнімдерін сату көлемі 230 млрд. теңгеге жетеді.

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/bek-ejr-kompaniyasy-sertifikatsyz-%d2%9baldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз