Атыраудан 30 мың текше метр су шығарылды

57094396 796084767440675 3430059301761187840 n1 1 Жаңалықтар

Аtr.kz/24 сәуір, 2019 жыл. Атырауда 17 сәуірден бері барлығы 30 мың текше метр су шығарылды.

Айта кетейік, 16 сәуір түнінде Атырауда нөсер жауын жауып, ол 17 сәуір күні де жалғасты. Ал 18-ші сәуір күні кешкісін қалың қар түсті. Соның салдарынан көшелер мен жеке үйлерді, мектептерді, балабақшалар мен өзге де әлеуметтік нысандарды су басты. «Қалаға су ағыла бастағанда 60 вакуум іске қосылды. Алдымен, суды «Су арнасы» және «Арнайы автобаза» мекемелерінің техникалары сорғыта бастаған болатын.

Алайда, олардың жағдайды тұрақтандыруға күші жеткіліксіз екендігін байқаған соң біз жеке иеліктегі компаниялардың арнайы техникаларын тарта бастадық. Көмекке жанармай құю стансалары келді. Олар техникаларға тегін жағармай құйып берді. Оқиғамен байланысы 30 электриктер бригадасы жұмыс істеді. Олар қалың қардың салдарынан бір-біріне жабысып қалған сымдарды ретке келтірумен айналысты. Облыс орталығынан барлығы 30 текше метр су сорғытылды», – деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Шәкір Шейкин. Алайда оның айтуынша, су басып жатқан көппәтерлі үйлер мен балалар алаңдары әлі де бар. Сондықтан қызыл су мен жаңбыр суын сорғытумен «Су арнасы» мекемесі айналысып жатыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз