Атыраудағы Қызылқоға ауданында да балық қырылып жатыр (+ВИДЕО)

Screenshot 2019 03 29 12 20 11 Жаңалықтар
Әуесқой түсірілім

Atr.kz/ 29 наурыз, 2019 жыл. Атыраудағы Қызылқоға ауданында да балық қырылып жатыр…

«Миялы селосында Ойыл өзенінің Көздіқара сағасында өлген балықтар мұз ерігеннен кейін жағаға шыққан. Бұлар кішкентай карась (мөңке) балықтары. Қазір еріктілер тобы құрылды. Жағада балықтарды жинау үстіндеміз», – деді аудан әкімі Арман Баженов.

20181208223835

Сонымен қатар, балықтардың өлексесі зертханаларға жіберіліп, нақтылығы әлі де анықталады. Айта кетелік, әлеуметтік желілерде Қызылқоға ауданындағы Миялы селосында өлген балықтардың жағаға шығып қалғаны туралы бейнежазба жарияланған болатын.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз