img 20201203 wa0015

Атыраудағы зияткерлік мектеп шәкірт қабылдап жатыр

Жаңалықтар Білім
11 / 100

2 желтоқсаннан бастап Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа 2021-2022 оқу жылына облыстағы жалпы білім беретін мектептердің 6 сынып оқушыларын конкурстық іріктеу негізінде 7 сыныпқа қабылдауға арналған құжаттарды қабылдау науқаны басталды. Әлемде орын алған COVID-19 вирустық инфекциясынан сақтану мақсатында биыл қабылдау коммиссиясының жұмысында өзгерістер бар…

Талапкерлердің ата-аналары тиісті құжаттарды жинаған соң алдымен мектептің www.atr.nis.edu.kz ресми сайтында қабылдау комиссиясына баратын күнді белгілеуі қажет. Бұл келушілердің уақытын үнемдеуге және топ болып жиналуға жол бермеуге мүмкіндік береді. Конкурстық іріктеуге ұсынылатын қажетті құжаттар тізімі мен қабылдау комиссиясына жазылудың тәртібі Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ресми сайтында («Үміткерлерге» бөлімі, «Конкурстық іріктеу 2021-2022»).

❗Құжаттар 2021 жылдың 23 қаңтарына дейін қабылданады.
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09: 00-ден 18: 00-ге дейін (түскі үзіліс 12: 30-дан 13: 30-ға дейін). Сенбі күні сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін. (түскі үзіліс сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін).

🚷 Қабылдау комиссиясына келгенде ата-аналар мен үміткерлерде бетперденің болуы және әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау талап етіледі. Вирустық инфекцияның алғашқы белгілерін байқасаңыз қабылдау комиссиясына медициналық тексеруден кейін келуіңізді сұраймыз.

«Атыраудағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі»

img 20201203 wa0014

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған