1029 3

Атыраудағы Таңдай ауылында жаңа мешіт салынады

Дін Жаңалықтар

Atr.kz/21 қараша, 2019 жыл. Таңдай ауылында мешіт салынады. Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек  Ұтысханұлы бүгінгі Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында мәлімдеді.

Таңдай ауылына арнайы ат басын тірегенАлтынбек  Ұтысханұлы аталмыш елдімекеннен құлшылық үйін тұрғызу – заман талабынан туған қажеттілік екенін айтты. «Ерекше атап өтерлігі, мешіт құрылысын толықтай жергілікті кәсіпкер жүргізгелі отыр.

Сондай ақ, кәсіпкер мешіт имамына баспана салып беруді, имамға жалақы төлеуді толықтай өз жауапкершілігіне алды. Бұл – асыл дінімізге деген ерекше қамқорлықтың көрінісі. Осынау сауапты істі қолға алып отырған бауырымызға Алла разы болсын» деді ұстаз  Алтынбек  Ұтысханұлы.

1029 5
1029 2
1029 4
da0dc14798d563709df8f421bf808347 m

Мешіт тұрғызылатын орынмен танысып, құлшылық үйінің жобасын көрген Бас имам қазіргі уақытта қажетті жобалық-сметалық құжаттың жасақталып жатқанын айтты.

Есімін атамауды өтінген кәсіпкер жергілікті азамат. Жақында ғана орталық «Иманғали» мешітімен бірлескен жоба – «Луфер» қайырымдылық дәмханасын ашқан кәсіпкер осылайша, Таңдай ауылынан мешіт тұрғызуды қолға алып отыр.

Дереккөз: орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған