Атыраудағы қытайлықтарға қатысты бейнежазбаға түсінік берілді (+ВИДЕО)

screenshot 20201219 220126 Жаңалықтар

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қытай Халық Республикасы азаматтарының Атырауға келген бейнежазбасы тараған болатын…

Осыған орай желі қолданушылары мен тұрғындар арасында аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының күрт өсуі өзге мемлекеттен келген азаматтарға байланысты деген пікірлер тарап жатыр. Құзыретті мекеме өкілдерінің айтуынша, бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат. Өйткені шет мемлекеттен келетін жұмысшылар мен өзге де азаматтар Атырауға келгенге дейін де, келгеннен кейін де арнайы алгоритмге сәйкес ПТР-тест тапсырып, карантиндік-стационарларға жатқызып, дәрігер бақылауында болады.

  • Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанында «КРІ» ЖШС-не Қытай Халық Республикасынан жұмысшылар келген болатын. Аталған жұмысшылар – серіктестікте газ-химиялық зауыт құрылысы барысында аса қажетті мамандар. Олар толықтай ПТР-тесттен өткен. Сонымен қоса, ЖШС-те 2000-нан астам адам еңбек етуде, оның ішінде жергілікті халық үлесі – 1200 адам, қалғаны шетелдік жұмыс күші, – деді Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Жұмаситов.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз