Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Жарнама
Жаңалықтар

Атыраудағы колледж «Алтын сапада» үздіктердің қатарында

Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын табыстау рәсімі өтті. Биыл «Атамекен» ҰКП ұйымдастыратын «Алтын сапа» сыйлығы түбегейлі жаңартылған форматта өтіп, бағалау критерийлері күшейтіліп, мүсіншенің дизайны жаңғыртылды. Дәл осы ұлттық маңызы бар шарада С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі «Кәсіби жас маман» жобасының «Үздік колледж» номинациясы бойынша ел көлемінде ІІ орын иеленді.

Салтанатты рәсім қазақстандық кәсіпорындардың жетістіктер көрмесінен басталды. Президент өз сөзінде геосаяси ахуалдың күрделенуіне қарамастан, кәсіпкерлердің ел экономикасын дамытудағы рөлін ерекше атап, олардың жасампаз еңбегін жоғары бағалады. «Сіздер мемлекеттің экономикалық әлеуетін нығайтуға күнделікті еңбектеріңізбен үлес қосып келесіздер. Біз қолдау көрсетеміз», – деді Мемлекет басшысы.

99014d51 07df 4281 9546 7709bdc709b7

Шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Үкімет мүшелері және «Атамекен» Президиумының төрағасы Райымбек Баталов қатысты. Биылғы рәсімнің тағы бір ерекшелігі – «Кәсіби жас маман» жобасының республикалық деңгейдегі жеңімпаздарын марапаттау болды.

8271f7ec 018c 474e a3ff 0831fe4038a0

Бұл жоба аясында өңірлік іріктеулерден өткен 54 үміткер үш номинация бойынша сынға түсті: «Үздік колледж», «Үздік кәсіпорын» және «Үздік тәлімгер». Қатысушылар кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін, оқытудың заманауи тәсілдерін және ел экономикасына қажетті кадр даярлаудағы жетістіктерін көрсетті.

6e95d5e1 b657 43e6 bcaf b4ea6fa078ea

Соның ішінде С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің ІІ орын алуы – заманауи білім беру стандарттарын енгізу, сапалы техникалық және кәсіптік мамандар даярлау ісіндегі үздік тәжірибелердің нәтижесі. Бұл жетістік оқу орнының өңірлік еңбек нарығын қажетті кадрлармен қамтудағы жетекші рөлін тағы бір мәрте айғақтап отыр.


Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button