Атыраудағы бұрынғы жұқпалы аурулар ауруханасының орнына жаңа оңалту орталығы салынады

dia10 Жаңалықтар

Atr.kz/10 қыркүйек, 2019 жыл. Бұл әлеуметтік нысанның жобалық құны  5,8 млрд. теңгені  құрайды.

Жобаны  қаржыландырушы «Атырау» әлеуметтіккәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің мәліметінше, оны бірлесіп жүзеге асыру жөнінде өткен жылдың наурыз айында «Estate Sevice» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, сәуірде «Estate Corporation Group-Atyrau» Басқарушы компаниясы» ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылған. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін жалпы ауданы 1,0028 гектар жер телімі бөлініп, оңалту орталығының құрылысмонтаж жұмыстарын жүргізу мен пайдалануға беру кезеңіндегі қаржылай шығындармен есептесуді мердігер мекеме – «Estate Sevice» компаниясы өз міндетіне алыпты. Қазіргі уақытта ескі аурухана ғимараты бұзылып, жаңадан тұрғызылатын орталықтың эскиздік жобасы әзірленіп, жобалаусметалық құжаттамалары келісілуде.

Жобаға сәйкес, болашақта бұл мекемеде ұзақ мерзімді созылмалы дертке шалдыққан, түрлі жағдайларда жарақат алған, физикалық және психикалық мүмкіндіктері шектелген адамдарды сауықтырып, оңалту шаралары ұйымдастырылады. Олардың  еңбекке қабілеттілігін арттыру және денсаулығын қалпына келтіру мақсатында медициналық, психологиялық , педагогикалық, кәсіби бағыттағы жұмыстар жүргізіледі.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз