Атыраудағы «Байзар» сауда орталығында екпе алушылар қатары көп

whatsapp image 2021 06 24 at 17.17.13 Жаңалықтар

«Байзар» сауда орталығында тұрғындарға коронавирусқа қарсы екпе пункті үзіліссіз қызмет етуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Егу пункті ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Бұл жерде екпе алуға ертемен келіп кезекке тұрады. Дәрігерлер пациенттерді жағдайы жасалған жайлы бөлмеде қабылдайды.

Вакцинация алдында тұрғындар егілуге келісімін толтырады, өз денсаулығы туралы кейбір сұрақтарға жауап береді .

Вакцинациядан кейін екпе алғандарға шәй мен тәттілер ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде өңірде 41 вакцинация пункті жұмыс істейді.
Екпенің қай пунктте барын алдын ала 98-02-92 колл-орталықтың нөмірі арқылы білуге болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз