Атырауда журналистер арасында бильярдтан жарыс өтті

img 20210625 wa0090 Жаңалықтар
28 маусым БАҚ қызметкерлері күніне орай Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен журналистер арасында бильярдтан жарыс өтті, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Сала ардагері Нұрлан Қабылов жыл сайын журналистер күні қарсаңында дәстүрлі ұйымдастырылып келе жатқан бұл жарыстың шығармашыл адамдар үшін пайдалы екенін айтты.

«Бұл – бір жағынан өнер, бір жағынан спорт. Мұндай үлкен додалар журналистердің шығармашылығын арттырса, екінші жағынан олардың арасындағы достыққа дәнекер болып жатыр. Сондықтан биылғы жиынға да журналистер қауымы жыл бойы дайындалып үлкен үмітпен келіп отыр. Барлық әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін», – деді Н.Қабылов.

Бірнеше сағатқа созылған жарысқа 30-ға жуық БАҚ саласының өкілдері қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі I орынға «КТК» телернасының атынан қатысқан Айбек Байзақов ие болды. II орынды «ТДК-42» телеарнасынан Манас Шарипов жеңіп алды. Ал, III орын «ATYRAYʼ» телеарнасының журналисі Нұржан Өмірбаевқа берілді.

img 20210625 wa0110


Сайысқа қатысушы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев кәсіби мерекемен құттықтап, жүлдегерлерді құнды сыйлықтармен марапаттады.

img 20210625 wa0094
img 20210625 wa0105
img 20210625 wa0099
img 20210625 wa0102 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз