Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жоғары санатты онкохирургтің қатысуымен күрделі оталар жасалуда

Атырау облыстық онкология орталығында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкохирургі Бауыржан Иманбеков іссапармен келіп, күрделі оталар жасады. Алғашқы күні 71 жастағы науқастың өкпе ісігіне жиекті кесу тәсілімен операция істеп, аймақта күрделі хирургиялық әдістердің қолданылуына жол ашты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Екі күнге жоспарланған іссапар барысында білікті маман торакалдық хирургия бағыты бойынша онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдерін көрсетіп, шеберлік сағаттарын өткізуде.

–Өкпенің қатерлі ісігі диагнозымен есепте тұрған науқасқа ота жасалмақ. Бұған дейін 6 курс химиотерапия алған жанның өкпесінің оң жақтағы жоғарғы бөлігін толық алып тастау қажет. Жалпы іссапардың негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, эндоскопиялық операцияның ерекшеліктерімен бөлісу, өңірдегі онкологиялық көмектің сапасын арттыру, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру және заманауи емдеу технологияларын тәжірибеге енгізу, – деді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының жоғары санатты онкохирургі Бауыржан Иманбеков.

img 8614

Атырау облыстық онкология орталығының ұжымы мұндай кәсіби ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасатынын, ал жаңа әдістер мен ғылыми тәжірибелер аймақ медицинасының дамуына серпін беретінін атап өтті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button