Атырауда жеке қабылдаудың жаңа жүйесі жүзеге асырылмақ

IMG 20190529 WA00241 Жаңалықтар

Аtr.kz/29 мамыр, 2019 жыл. Құқық қорғау қызметтері орталығында 30 мамыр күні сағат 11:00-12:00 аралығында жеке қабылдау өтеді.

Атап айтқанда:

– Атырау облысының прокуроры Х.З. Дәуешовпен,
– Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж. Бектұрғановпен,
– облыстық Полиция департаменті бастығының м.а. Х.Б. Үмбетқалиевпен,
– облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қ.Б. Жұлмұхамбетовпен,
– облыстық Әділет департаментінің басшысы С.Б. Тұрғаринмен,
– Атырау қаласының әкімі А.Құттұмұратұлымен жеке қабылдау өткізіледі.

Қажет болған жағдайда Орталықта адвокат, медиатор, сот орындаушысы, құқықтық статистика және арнайы есепке алу мамандарының қызметіне жүгінуге болады.

Мекен-жайы: Атырау қаласы, Сәтбаев көшесі, 25 үй (Құқық қорғау қызметтері орталығы).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз