
Жаңалықтар
Атырауда жауыннан кейін 1 290 текше метр су тазартылды
Атырау қаласында жауған жаңбырдан кейін жиналған суды тазарту жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бүгінгі жағдай бойынша қала аумағынан 1 290 текше метр жаңбыр суы тазартылды. Қазір 14 арнайы техника және 35 қызметкер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр.
Тазарту жұмыстары түнгі уақытта да жалғасады. Азаматтар өз өтініштері мен шағымдарын Атырау қаласы әкімдігінің ресми әлеуметтік желі парақшалары немесе 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жолдай алады.


