Жарнама
Жаңалықтар

«Атырауда жасалған»: Сапа мен сұраныс көрмеде тоғысты

Бүгін көрме залында Қала күніне орай «Атырауда жасалған» жергілікті өнім өндірушілердің көрме-жәрмеңкесі өтті. Бұл күні 90-нан астам атыраулық кәсіпкер өз тауарларын жұртшылық назарына ұсынып, өнімдерімен таныстырды. Өңірде азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында ұйымдастырылған шарада қала тұрғындары мен қонақтарын шаһар басшысы Шәкір Кейкин құттықтап, жергілікті өнім өндірушілерге толайым табыс тіледі.

2ba6905a eba5 4375 a9e8 76cd4f66a9d1

Мұндай көрме-жәрмеңкеге тұңғыш рет қатысып отырғандардың бірі — «Еl tuzer» брендінің негізін қалаушы Роза Ахметова. Жұртшылыққа өзіміздің ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық тағамдарымызды ұмыт қалдырмай, ет тағамдарын ұсынуды мақсат тұтқан кәсіпкердің өнімі бүгінде атыраулықтарға жақсы таныс. Әсіресе, табиғи еттен жасалған шұжық, әсіпті қала тұрғындары іздеп жүріп алатын болған. «Мені өзіміздің балаларымыздың, ұрпағымыздың қуырдақ, әсіп секілді ұлттық тағамдарымызды ұмыт қалдырып бара жатқандығы қынжылтады. Шыны керек, қазір жастар құс етінен жасалған өнімдерді жиі пайдаланады. Чикен, наггетсы олардың сүйікті тағамына айналды. Ал шын мәнінде өзіміздің құнарлы етіміздің денсаулыққа пайдасы зор. Қарапайым құйрық маймен бірнеше ауруды емдеп алуға болады»,-дейді Роза Зейноллақызы.

7c91c2df a25b 40bc ad95 8a96f7dce60c 1


Ең бастысы, отандық брендтің негізін қалаушы Роза Ахметова ұлттық тағамдарымыздан комбо әзірлеп, фаст-фуд (тез-тағам-авт) ретінде сата бастапты. Яғни, 10-15 минуттың ішінде асымыз бен қуырдақтан жасалған комболар әзір болады.
Ал Атырау нарқында 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «АтырауПромВентиляция» ЖШС тұрғын үйлер мен зауыттарға желдету қызметін ұсынады. Аталған серіктестіктің сату жөніндегі менеджері Еңлік Мойынбаеваның айтуынша, желдеткіш жүйесі барлық ғимаратқа қажет. Қарапайым кеңселер мен үлкен зауыт, фабрикаларға желдеткіш жүйесі керек. Сондықтан «АтырауПромВентиляция» ЖШС тапсырыстың барлық түрін орындайды. Мәселен, тамыз, қыркүйек айында көпшілік мұржаларға тапсырыс берген. «Біз қажетті шикізатты да өзіміздің өндірушілерден аламыз. Яғни, тот баспайтын болаттар әкелетін тауар жеткізушілеріміз бар»,-дейді әңгімелесушіміз. Бүгінде серіктестік 30-ға тарта қызметкерді жұмыспен қамтып отыр.
Айнұр Төрежанованың кәсібі өзгелерден тым бөлек. Ол кереуеттер мен матрас, ортопелиялық көрпе, көпшіктер әірлейді. «Назар» жеке кәсіпкерлігі иесінің айтуынша, Атырау нарқында тоғыз жылдан бері жұмыс істеп келеді. 1100 шаршы метр арнайы цехта кереуеттер, ортопедиялық көрпе-көпшіктер жасалады. Ортопед матрастарға арналған барлық жабдық бар. «Шикізатты Ресейден, өзіміздің өндірушілерден аламыз. Маирастың 45-тен астам моделі бар. Әр матрастың өз технологиясы бар. Әрине, тауар өзімізде шығарылғандықтан, бағасы арзан. Ал сапасы Түркияның өнімінен кем түспеді. Біздің бұл салада 16 жылдық тәжірибеміз бар. Сондықтан матрасты сапалы жасауға бар күш-жігерімізді арнадық. Самал шағынауданында орналасшан цехта 8 адам жұмыс істейді»,- Айнұр Бекмырзақызы.

947879e6 b0cd 46c7 848c 3d73e2c05c47

2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келетін көрме-жәрмеңкенің басты мақсаты — қала тұрғындары мен қонақтарын жергілікті өнім өндірушілермен таныстыру. Атырау қалалық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Алтынай Ерубаеваның айтуынша, көрме-жәрмеңкеде «Халық таңдауы» жасалады. «Оған бес кәсіпкер ұсыныс білдірді. Нан, шұжық, қияр, балық және тағы да басқа тауар өндірумен айналысатын кәсіпкерлер өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынады. Халық дәмін татып, дауыс беру арқылы үздіктерін анықтайды. Ең бастысы, бұл өнімдер жергілікті жерде өндірілетін болғандықтан бағасы арзан. «Атырауда жасалған» тауарларды қаладағы әмбебап дүкендерден сатып алуға болады»,-дейді Алтынай Ерубаева.
Көрме-жәрмеңкеге қатысты екінші деңгейлі банк өкілдері де қатысты. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қолдау білдіретін «Даму» қоры да өз бағдарламаларын таныстырды.

Айбөпе САБЫРОВА
Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button