Атырауда жарық неге өшті?

1513271929cat and candle cropped 5db301c8298c8 Жаңалықтар

Атырау облысында электр беру желісіндегі ақау неден шыққаны анықталды.

«КЕГОК» АҚ-ның Атырау облысы батыс өңірлік филиалының директоры Константин Чернохаевтың айтуынша, кеше, 10 қаңтарда кешкі мезгілде электр желісінің 220 кВЛ-254-Орал-Индер, Л-201-Атырау-Индер және «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-ның 2 генераторы уақытша істен шыққан.

«Соның салдарынан «Атырау жарық» АҚ-ның электр желісін тұтынып отырған Атырау қаласының сол жағалау бөлігі, Жылыой, Индер, Қызылқоға, Махамбет, Құрманғазы және Мақат ауданарының кей бөлігі уақытша электр желісінен ажырап қалды. Қазір аталған электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары шұғыл жүргізіліп, біртіндеп іске қосылуда», -дейді Константин Чернохаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз