АТЫРАУДАҒЫ АҒАШ ЕГУ АКЦИЯСЫ

он  екі  мың  талшыбық  отырғызылды

Сәуірдің 18-інде өткен Бүкілқазақстандық ағаш егу акциясы аясында Атырау қаласы бойынша жалпы саны 12 мыңға жуық талшыбық отырғызылды. Осы мақсатта көктемгі тазалық, көркейту және көгалдандыру екі айлығы шеңберінде екінші мәрте ұйымдастырылған сенбілікке облыс орталығы мен оған қарасты селолық округтерден 2028 кәсіпорын-мекеме, 10722 адам және 50 бірлік техника қатыстырылды. Көшет отырғызудан өзге бұл күні тазалық шараларына да назар аударылып, 126 текше метр қоқыс қаладан далаға шығарылды.

Ерекшелеп айтуға тұрарлық жайт, көшеттердің бір бөлегі Абылай даңғылы мен Атырау халықаралық әуежайының арасын байланыстыратын жолдың қос қапталын бойлай отырғызылды. Осы жерде Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаевтың өзі бастап, аппарат қызметкерлері қостап, көп іс тындырғанын атап айтқан ләзім. Бұдан басқа, Балықшы кентіндегі, «Алмагүл» мөлтекауданындағы саябақтар мен орталық көшелер де көшеттермен көмкерілді. Және бір білгеніміз, талшыбықтар негізінен Индер мен Махамбет аудандарындағы орман шаруашылығы учаскелерінен  сенбілікке қатысушы мекемелердің демеушілігімен әкелінген.

Дәулетқали АРУЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз