Атырауда учаскеде орын табылмаған сайлауға қатысушы байқаушылар жағдайды түсіністікпен қабылдауда

unnamed file 13 Жаңалықтар

«Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау учаскелерінде кей байқаушылар карантиндік шектеулерге байланысты орынсыз қалды. Бұл жағдайды партиялар және  байқаушылар  түсіністікпен қабылдап отыр. Және өз пікірлерін әлеуметтік желілерде жариялауда» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.


«ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №69 қаулысына сәйкес, ​ эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып дауыс беру учаскесінің Ережесі бекітілді. Яғни, сайлау учаскелерінде байқаушыларға арналған орындықтар саны шектеулі. Себебі, орындықтар ғимараттың көлеміне қарай қойылған.


Сайлауды байқаушылар қатары учаскелерде толық болуына байланысты, «Nur Otan», «Адал», «Ақ жол», «Ауыл», «Қазақстан халық партиясы» тарапынан тіркелген байқаушылар арасында учаскеде орынсыз қалғандары бар.

Бұл шектеулердің барлығы тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу мақсатында жасалып отырғанын түсінгеніміз жөн» дейді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз