Біреуінің жағдайы ауыр: атыраулық дәрігерлер жұқпалы індетке шалдыққандар туралы айтты

22a99013463fca3d07e3e6e878492917d26a59368edeaff9b30f022dad13 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/6 сәуір, 2020 жыл. Дәрігерлер Атыраудағы   Covid -19 індетін жұқтырған  29 науқастың жағдайы туралы баяндады.

Инфекциялық стационарға жатқызылған 26 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес,  6 сәуір күні  Атырау облысындағы инфекциялық стационарда «коронавирустық инфекция» жұқтырғандар саны 29-ға жетті. 

– 29 науқастың ішінде 16 жасқа дейінгі  екі  бала бар.  Қазіргі уақытта жиырма  алты науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, ал екі емделушіде аурудың орташа деңгейі  байқалады. Бір  науқастың ауруы  күрделі өтуде, – деді  Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы. 

Инфекциялық стационардағы  барлық емделушілерге  тиісті ем шаралары жүргізілуде, оларға толық медициналық көмек көрсетіледі.

http://atr.kz/bez-rubriki/b%d2%afgin-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-o%d2%9bushylar-%d2%9bashy%d2%9btan-bilim-aludy-bastady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз