20201216 111512 scaled

Атырауда Тәуелсіздік күніне арнап ерекше акция өтті

Жаңалықтар Айбын
4 / 100

Атырау қаласында жастар белсенділері Тәуелсіздік күні мерекесіне арнап «Менің Туым. Менің елім!» акциясын өткізді. Іс-шараға қатысқан 20-дан астам волонтер алдымен «Нұрсая» шағынауданындағы 17 А үйдің балкондары мен терезелеріне егемендікті айшықтайтын мемлекеттік Туды іліп қойды.

  • Бүгін атыраулық жастар бірігіп, елге, Отанға деген сүйіспеншілікпен осы акцияны қолға алдық. Арамызда оқу орындарының белсенді студенттері де бар. Бірнеше қабатты үйдің балконында Тәуелсіздіктің символы – көк Туымыз желбіреп тұр. Осындай сәттер жүрекке патриоттық рух беріп, ерекше сезім ұялатады. Біздің басты тілегіміз – көк байрағымыз қашанда көкте желбірей берсін. Отанын шын сүйетін патриот жастар көп болсын, – деді волонтер Илияс Үсенғалиев. 

Ұлық мерекені ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған акция  Т.Жұмағалиев көшесіндегі №23 және  Б.Құлманов көшесі,  112/1 мекен-жайындағы көп қабатты үйлерде жалғасын тапты.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған