Атырауда тас жолдар күтімі қатаң бақыланып жатыр

img 20210125 wa0061 Жаңалықтар

Атырау облысындағы республикалық маңызға ие тас жолдардың қыс мезгіліндегі күтімі «Жол активерінің ұлттық сапа орталығының» жергілікті филиалының бақылауында деп хабарлайды Atr.kz

«Қолайсыз ауа- райында жолдағы қауіпсіздіктің сақталуына баса назар аударатын филиал өкілдері тас жолдарға жоспарға сай шығып отырады. Облыстық филиал инженері Мерей Телеуғалиевтің айтуынша, қаңтар айында  кезекті тексеріс кезінде «Атырау – Орал» тас жолының 5-189 шақырымында және 125-150, 160-170 шақырым аралығындағы жол беті қар жабындысымен нығыздалғаны анықталған.

«Осыған байланысты, «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы» жолының  458-487, 504-598, 892-893 шақырымына «Атырау – Орал» тас жолының  және  «Доссор – Құлсары – Бейнеу» 0-210 шақырымына барлығы 81 тонна тұз, 588 тонна құм себілді. Орталық мамандары сенбі-жексенбі күндері де тас жолдарды бақылауға алуда» дейді спикер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз