АТЫРАУДА СҮҢГУІРЛЕР СУ АСТЫНАН НЕ ІЗДЕП ЖҮР?

screenshot 20220608 165225 Жаңалықтар

Құтқарушылар «LUCH»жағажайына су асты тексеру жұмыстарын жүргізді.

Атырау қаласында шомылу маусымына дайындық аясында Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Тұрғын-үй қалашығы шағын ауданында орналасқан «LUCH» жағажайына су асты сүңгуірлік тексеру жұмыстарын жүргізді.
Өзен түбінен құтқарушы-сүңгуірлер металл конструкциялардың, арматуралардың, тат басқан темір кесектерінің және сынған шынының әртүрлі фрагменттерін шығарды. Сүңгуірлік тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін меншік иесіне жағажайды мақсаты бойынша пайдалануға одан әрі рұқсат алу үшін жағажай акваториясының түбін тексеру актісі тапсырылады.
Жедел-құтқару жасағының басшысы Самат Құмашев, су пайдаланушылар курорттық маусым кезінде қауіпсіздік мәселелеріне барынша жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін еске салады: «Жағажай иелері су түбін сүңгуірлік куәландыруды ұйымдастыруы тиіс. Сонымен қатар, су маңындағы демалыс аймақтарына қойылатын талаптар жүзу аймағын, сондай-ақ балалардың шомылу аймақтарын шектейтін міндетті түрде болуы керек. Мұның бәрі судағы қайғылы жағдайлардың алдын алады».
Құтқарушылар ересектер мен балаларға судағы қарапайым сақтық шараларын сақтау қажеттілігі туралы ескертеді:

спирттік ішімдіктерді ішуге, мас күйінде шомылуға қатаң тыйым салынады;

бейтаныс жерлерде суға түспеңіз, өйткені түбінде не болуы мүмкін екендігі белгісіз;

өз қолынан жасалған жүзу құралдарын (плоттар, камералар, пенопласт және т. б.) пайдаланбаңыз, олар салмаққа төтеп бере алмай, құлап кетуі мүмкін;

жағадан алыс жерде үрлемелі матрастарда және автокөлік камераларында жүзбеңіз;

тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз;

қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдіктермен толып жатқан жерлерде шомылмаңыз;

кемелерге жақын жүзбеңіз, техникалық ескерту белгілеріне көтерілмеңіз;

қайықтардың борттарынан секірмеңіз;
Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз өзіңізді және балаларыңызды қорғай аласыз!

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз