Жаңалықтар
Атырауда қонақүй өртке оранды
Атырау қаласында Алтай көшесінде орналасқан төрт қабатты қонақүй кешендерінің бірінен түтін шығып, өртеніп жатқаны жөнінде құтқарушыларға хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар ғимараттың бірінші қабатындағы саунаның бу бөлмесі өртенгенін анықтады.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндіру кезінде 13 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Сонымен қатар, тағы 2 адам құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
-Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің күшімен өрт толықтай сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда, — делінген ресми ақпаратта.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА



