
Атырауда «Қашаған Антитеррор – 2025» оқу-жаттығуы өтеді
2025 жылғы 27 қыркүйекте Атырау облысында терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының бастамасымен «Қашаған Антитеррор — 2025» («Қашаған» кен орны ауданында) жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығудың мақсаты — теңіз кешенінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша антитеррористік операцияларды жүргізуге тартылған арнайы бөлімшелердің қалалық жерлерде көлікпен қозғалуы мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің катерлерінің теңізге шығуын қоса отырып, терроризм көріністеріне жедел ден қою бойынша жаттығу іс-қимылдарын пысықтау болып табылады.
Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, тартылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратпауға шақырамыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабы


