Атырауда қала күні қалай тойланады?

whatsapp image 2021 09 30 at 16.16.30 Жаңалықтар

Биыл Атырау қаласының құрылғанына – 381 жыл. Айтулы оқиғаға бірқатар мәдени-бұқаралық, спорттық және ойын-сауық іс-шаралары жоспарланған, деп хабарлайды atr.kz

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау қаласы күніне орай  іс-шаралар бүгін, яғни 30 қыркүйектен басталды.

 Сағат 10.00 – де қарттар үйінде «Қарттарым-асыл қазынам»атты мерекелік концерт өтті. 1 қазан күні сағат 10.00-де спорт сүйер қауымды каноэ мен байдаркада есуден қалалық турнирге шақырады. 

Ертең, 1 қазанда, таңғы сағат 10.00-ден бастап тұрғын үй шағын аудандарындағы алаңдарда спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Ал сағат 11.40-та №20 ш / а үйдің астыңғы қабатында. 

Нұрсаяда Қазақстанның жауынгерлік өнер Ассоциациясы спорт залының салтанатты ашылуы өтеді. Сағат 14.30-да қала әкімінің кубогы үшін шахматтан ашық турнир басталады. Сағат 19.00-де Д. Нұрпейісова атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің концерті өтеді, мекен-жайы: облыстық халық шығармашылығы орталығы, Балықшы, Байжігітова көшесі, 86 А. 

2 қазан күні сағат 9.00-ден 15.30-ға дейін қаланың барлық тұрғындарын «Елнас» базарында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі күтеді(Тайманов көшесі, 1 құрылыс). 

Сағат 10.00-де Мәденов көшесінде 200-ге жуық ағаш отырғызылады. Сондай-ақ, сағат 10.00-де Береке «Шаңырақ» жобасы аясында шағын ауданда салынып жатқан үйлерге экскурсия ұйымдастырылады. Сол күні сағат 10.00-де тұрғын үй алаптарындағы спорт алаңдарында бұқаралық спорттық іс-шаралар өтеді.

 Сағат 11.00-де Сәтпаев даңғылы, №23 үй мекенжайы бойынша «Бақытты отбасы және теңіз қоғам» орталығы ресми түрде ашылады. 

Сағат 13.00-де Атырау ДШК-да дзюдодан қала әкімінің кубогына ашық турнир өтеді. Сағат 17.30-дан бастап қаланың мәдени мекемелерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында онлайн-концерттер көрсетіледі.

 Сағат 17.00-де «Белуга»қонақ үйіндегі фотокөрмеге баруға болады. Ал кешке сағат 18.00 – де атыраулықтарға катерде өтетін «Туған күніңмен, сүйікті қалам – Атырау» мерекелік концертіне арналады.

3 қазан күні сағат 10.00-де жағалауда «Жастар нашақорлыққа қарсы»қалалық марафоны басталады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз