Атырауда қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

prara Жаңалықтар

Atr.kz/15 тамыз, 2019 жыл. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Нұр белес» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Мұнда «қолөнер», «жас аспаз», «бисермен тоқу» үйірмелеріне келушілер өз қолымен жасаған бұйымдары мен тәтті тағамдарын ұсынды. Қатысушылардың бірі Құлпынай Өтеген жәрмеңкеден түскен қаржы қайрымдылық бағытта жұмсалатынын айтады.

Ал, «жас аспаз» үйірмесінің жетекшісі Алмагүл Амангелдиеваның айтуынша, жәрмеңкеге қойылған заттар нарықтық бағадан әлдеқайда төмен. Себебі, бұлардың бәрі  көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға тегін таратылмақ. Ұйымдастырушылар бұл шараның әлі де жалғасын табады деп сендірді. Соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз