Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда өрттен 11 адам құтқарылды

Түнгі уақытта Атырау қаласының бір ауданында бес қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерде өрт шықты. Хабарлама 112 пультіне түскен соң, оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті.

img 8083
Screenshot

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер мен медициналық көмек орталығының мамандары бірлесіп әрекет етіп, құтқару жұмыстарын жүргізді. Саты мен құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, оның ішінде екі бала бар, 7 адамды құтқарды. Оларды одан әрі тексеру үшін медициналық жедел жәрдемге тапсырылды. Сонымен қатар, автосаты арқылы тағы төрт адам, оның ішінде бір бала, қауіпсіз жерге шығарылды.

img 8084
Screenshot

Өрт сөндіру бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button