Атырауда «нұр отандықтардың» қатары толықты

img 20210302 wa0057 Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев түрлі деңгейдегі мәслихаттарға жаңадан сайланған жас депутаттармен кездесті.

Жиын барысында депутаттық міндеттемелер туралы сөз қозғалып, «Жастар – Отанға!» бағдарламасы мен партияның сайлауалды бағдарламасын іске асырудың 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасы таныстырылды.

img 20210302 wa0060

Алқалы жиында 200 -ден аса жас азамат партия құрамына қабылданды . Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау кезінде «Nur Otan» партиясының сайлауына белсенді атсалысқан бірқатар жастар «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Алғыс хатымен марапатталды.

Аталған іс-шара барысында жастарға жүктелген міндет пен абырой, сенімнің мол екені айтылып, алдағы уақытта нақты жоспар бойынша жұмыс істеу керектігіне баса назар аударылды.

Алпамыс Бауыржанұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз