whatsapp image 2020 11 27 at 17.05.56 4

АТЫРАУДА «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Жаңалықтар Саясат ФОТОГАЛЕРЕЯ
1 / 100

«1 желтоқсан – ​ Тұңғыш Президент күніне орай Атырауда «Мемлекеттік қызметшілер аллеясының» ​ ашылу салтанаты өтті. Шараға Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
​ Аталған аллеяда әйнектен жасалған 11 стенд орналастырылған. Олар Тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміздің мемлекеттік қызметі дамуындағы маңызды 3 кезеңін толық қамтиды.​
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімовтің айтуынша, аллеяға орналастырылған стендтер – мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен транспаренттілігінің көрінісін сипаттайды .​
-​ ​ ​ Аталмыш аллея ұлт ұлағаты жолында есепсіз тер төгіп жүрген мемлекеттік қызметшінің еңбек жолын одан әрі ұлықтай түсеріне сенімдіміз. Аллеяда әйнектен жасақталған стендтер мен мемлекеттік қызметке жаңадан келген азаматтардың ашық аспан астында Ант қабылдауына арналған ортақ алаң жасалған, – дейді Салауат Мүксімов.​
Айта кетелік, «Мемлекеттік қызметшілер аллеясы» облыстық «Nur-Otan» партиясының ғимараты жанында, Әйтеке би көшесінде орналасқан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған