210309224312a3762203d

Атырауда мас күйде көлік жүргізген әйелдер куәліктен айырылды

Жаңалықтар Құқық
4 / 100

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7-8 наурызда патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 2 әйел ұсталған.

«Мәселен, 7 наурызда түнгі сағат 02:30 шамасында Ә.Молдағұлова көшесінің бойында «Toyota Ipsum» автокөлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде аталған автокөліктің 40 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Ал, 8 наурызда таңғы сағат 05:30 шамасында Вокзал маңы-5 шағын ауданынан тоқтатылған «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі – 39 жастағы әйелден алкогольдік ішімдіктің иісі шыққан» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Медициналық сараптаманың корытындысымен екі жүргізушінің де жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталған. Мас күйде көлік басқарған жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған