Атырауда М.Әуезов көшесін реконструкциялау жұмыстары толықтай аяқталды

whatsapp image 2021 10 10 at 11.50.42 Жаңалықтар

Атырау қаласында биылғы мамыр айында басталған Әуезов көшесін реконструкциялау жұмыстары толықтай аяқталып, кешегі жұма күні кешкісін пайдалануға берілді. Бұл туралы мердігер кәсіпорын – «Атырауинжстрой» ЖШС баспасөз қызметінің жетекшісі Зүлфия Байнекеева хабарлады.

Оның айтуынша, жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде, бірінші Азаттық даңғылы, М.Әуезов және З.Қабдолов көшелерінің көліктердің өткізу қабілеттілігі жоғарылады. Мұның өзі М.Әуезов көшесінің көліктер жүретін бөлігін ұлғайтып, бұрынғы айналма жолды демонтаждаудың нәтижесінде мүмкін болып отыр.

Жобаның бірінші кезеңінде жоспарланған жұмыстар Азаттық даңғылы мен М.Әуезов көшесінің қиылысқан тұсынан басталып, бұл жерге көліктердің қозғалысын реттеп тұратын орнатылды. Соның ішінде, бұған дейін болмаған оң жақ бұрылыстың іске қосылуы автокөліктердің негізгі ағынын жеңілдетіп, кептелісті айтарлықтай азайтты. Айта кету керек, дәл осы қиылыс қауіпсіздік алаңқайларымен және бейнебақылау камераларымен қамтылған.

Және бір жаңалық, бұрыннан өсіп тұрған көпжылдық теректерді (жалпы саны 800-ге жуық) сақтап қалу үшін көше жолы (ұзындығы 850 метр) енінен 11 метрге кеңейтілді. Одан бөлек, осы жолдың бойындағы инженерлік коммуникациялық түгелімен қайта құрылымдалды. Бұған дейін жердің үстімен тартылған жылу желілері жол төсемінің астына (көлденеңінен) ығыстырылып, темірбетонды арнамен өткізілді. Оның бетінен қорғаныш ретінде болат жеңқаптармен қапталды. Және де ең үстіне темірбетон плиталары қойылды.

Сондай-ақ, көшенің екі жағынан тротуарлар төселіп, өрмелі тастармен қапталды, оған қоса, велосипедшілер жолы жүргізілді. 100-ден астам түнгі жарықтандыру бағандары орнатылды. Сонымен қатар, Атырау мұнай өңдеу зауытынан бастап, М.Әуезов көшесінің Азаттық даңғылымен түйіскен тұсына дейінгі аралықта суағарлар жүргізілді. Жолдың үстімен өтетін теміржол учаскесі де жөндеу жұмыстарымен қамтылып, шпалдар мен рельстер жаңартылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз