Атырауда күнбағыс майы қымбаттады

img 20210401 161143 Жаңалықтар

Еnergyprom.kz сайтының мәлеметіне сүйенсек, май бағасы бойынша Атырау көш бастап тұр.

Жазира Нұрмұханова ШҚО Үржар ауданынан шығатын майды қаладағы коммуналдық базарлардың бірінде сатады. Оның айтуынша, шикізаттың тапшылығы бағаның көтерілуіне әсер етіп отыр. Қазір ол 5 литр күнбағыс майын 3000  теңгеден сатып отыр.

Жалпы, қаладағы көтерме дүкендерде 1 литр май 589 теңгеден басталып, сапасына қарай 715 теңгеге дейін жетеді. Ал қарапайым дүкендерде  күнбағыс майының литрі 600 теңге мен 815 теңге аралығында.

Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Давлетовтың айтуынша, бағаның өсіміне шикізаттың тапшылығы себеп болып отыр. Бірақ, бағаны ұстап отыру мақсатында бірқатар іс-шара жасалып жатыр екен. Ал, оның күрт көтерілгенін байқасаңыз, тиісті орындарға шағым түсіруге болады.

Күнбағыс майы Атырауға көршілес, Орал, Ақтөбе мен Алматы қалаларынан және Ресейден әкелінеді. Егер аймақта күнбағыс майын шығарамын дейтін ниеттілер болса, оларды қолдауға дайынбыз дейді, Руслан Давлетов.

«Каспианлайф»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз