Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда күйік иісінің себебі анықталды

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен қала аумағында пайда болған күйік иісінің себебін анықтау және өрт ошақтарын жою бойынша жедел штабтың отырысы өтті, — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мониторинг нәтижесінде өрттің «Сасықсай» булану алаңының ар жағында, яғни Атырау қаласынан шамамен 20 шақырым жердегі теңіз жақ бетте тұтанғаны анықталды.

Қазір өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен арнайы техникасы жұмылдырылған.

Тиісті қызметтер оқиғаның салдарын жою және қала аумағындағы ауа сапасын бақылау жұмыстарын жалғастыруда.

Жағдай облыс әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметінің ерекше бақылауында.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button