Атырауда коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі штаб құрылды

img 20200705 wa0068 Жаңалықтар

Atr.kz / 5 шілде, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысының əкімі Махамбет Досмұхамбетов арнайы өкімі шықты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Жедел штабтың жұмыс орны болып Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы жəне азаматтық қорғау басқармасы белгіленсін. Осы өкімнің орындалуын бақылау жəне жедел штаб жұмысын қадағалау Атырау облысы əкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевқа жүктелсін» делінген Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі жедел штаб құру туралы өкімде.

Еске сала кетелік, штаб құрамында облыс əкімі аппараты басшысының орынбасары, облыс əкімінің əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері бойынша көмекшісі, облыс əкімінің кеңесшісі,  прокуратура, полиция департаменті, жергілікті басқармалар және тағы басқа жауапты мамандар карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге тартылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз