Атырауда Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті

IMG 20190830 WA0070 Жаңалықтар

Atr.kz/30 тамыз, 2019 жыл. Атырауда Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті

Атырауда ҚР Конституция күніне орай Жастар мәдениет сарайында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен  салтанатты шара өтті.

Жиында аймақ басшысы құттықтау лебізін білдіріп, өңірде атқарылып жатқан ауқымды істер туралы айтты. Сонымен қатар, ел дамуына үлес қосып, аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға ыстық ықылас танытып, алғыс хаттар мен мерекелік төсбелгілерін табыстады.
Қиын кезде елімізді тығырықтан шығарып, дұрыс жолға бағыттап, осындай дәрежеге жеткізген Елбасы –  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің нәтижесі.
– Ардақты ағайын, баршаңызды 30  тамыз – еліміздің ұлық мерекесі Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы даланың жазылмаған заңдарымен бірге Майқы би, Төле би, Қазыбек билердің қара қылды қақ жарған шешімдерімен бірге Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Әз Тәукенің жеті жарғысы сан ғасырлар бойы ұлы даланы мекендеген халқымыз үшін шамшырақ іспеттес болып, ел арасындағы тұрақтылық пен дамудың кепілі болды. 1995 жылы қабылданған  қазіргі қолданыстағы Конституциямыз бұл – заңнамалық норма немесе ережелер жинағы ғана емес қоғамдағы барлық қарым-қатынастарды реттейтін заңдардан бастау алатын  Ата Заңымыз! Бүгінде Конституциямызға сүйене отырып, елдің дамуы үшін аянбай тер төгіп жүрген азаматтарымыз аз емес, – деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, мерекелік шара Н.Жантөрин атындағы облыстық филормонияның  «Нарын» оркестрі мен танымал талант иелерінің концертіне ұласты.

IMG 20190830 WA0064
IMG 20190830 WA0067
IMG 20190830 WA0069
IMG 20190830 WA0065
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз