Атырауда көлігіне екі түрлі нөмір таққан жүргізуші ұсталды

photo 41888 Жаңалықтар

Атырауда көлігінің алды мен артына екі түрлі нөмір таққан жүргізуші ұсталды.

«Атырау қаласында патрульдік полицейлер «ВАЗ-2114» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде Ресей Федерациясында тіркелген жеңіл көліктің алдыңғы жағына тағылған мемлекеттік белгінің әріптік символдары өзгертілгені анықталды. Көлік құралы арнаулы айып тұрағына қойылды», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір 38 жастағы жүргізушінің әрекетінен қылмыс белгілерін анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз