Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда көк байрақ көкке көтерілді

Ұлттың рухын көтерген ұлық мереке Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімімен бастауын алды.
Іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысты.

baa17a01 a002 4ee3 8f90 648713784938

Мерекелік шараның басты мақсаты — Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуын кеңінен атап өту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, елдің тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін дәріптеу және патриотизм мен бірлік құндылықтарын насихаттау.

522a3ffc c3f8 44ca af37 8b512813ae66

Рәсім барысында Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтеріліп, Гимн орындалды. Отанға деген сүйіспеншілікті айшықтаған әсерлі сәттер жиылған жұрттың рухын көтеріп, елдік сезімді тереңнен оятты.
Шара аясында көрермендерге мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. «Дархан» өнер мектебінің хоры «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, ал белгілі әнші Р.Нұрмағамбетова «Сүйемін, Қазақстан!» әнін шырқады.

d9be93ee b17a 4bdd b0f6 2fa0fb0e0c73


Бұл күн — 1990 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның тарихи маңызын айшықтайтын дата. Дәл осы құжат тәуелсіз Қазақстанның саяси және құқықтық негізін қалаған еді.
Биылғы Республика күні ерекше тарихи мәнге ие, өйткені биыл Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай, Атырау облысында 15–27 қазан аралығында 70-ке жуық іс-шара ұйымдастырылуда.
Мерекелік бағдарлама аясында қала мен аудан көлемінде Мемлекеттік Туды көтеру рәсімдері, салтанатты жиналыстар, мерекелік концерттер, жастар мен білім саласына арналған байқаулар мен зияткерлік сайыстар, ғылыми конференциялар, спорттық жарыстар, эко және қайырымдылық акциялары өтуде.

e2afc056 88fc 4dd4 a63e d0f0db69e466 1


Сонымен қатар «Republic Day» жәрмеңкелері, «Жеңілдіктер түні» акциясы және ірі сауда орындарында отандық өнімдерге арнайы жеңілдіктер ұйымдастырылуда. Мереке күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін қоғамдық көлік бағыттары іске қосылды.

04e9aadd 09ff 47f2 8b45 d45e6fb534cd
68ab3841 ea96 4f13 ab8d 5315cb04a9ff


Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button