Атырауда карантин режиміне өзгеріс енгізілді

0 1 Жаңалықтар

Atr.kz/6 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденовтің 2020 жылғы 2 тамыздағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаулының 2-тармағының 24) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: ұйымдар мен кәсіпорындарға, сондай-ақ ауыл және балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне қызмет көрсетуді қоспағанда, автомобиль жуу, автомобиль көлігін (техникалық қызмет көрсету станциясын) жөндеу, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету жөніндегі қызметке тыйым салынсын;

Халыққа қызмет көрсету орталықтары (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның) жұмысын алдын ала брондау бойынша қатаң түрде Egov.kz, egovkzbbot 2.0 телеграмм-боты жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, CaII орталықтарының жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, мамандандырылған ХҚКО демалыс күндері сағат 09.00-ден бастап. сағат 15.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілсін;

Республикалық маңызы бар (Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал, Атырау-Астрахань, Атырау-Маңғыстау) автокөлік жолдарының бойында орналасқан шиномонтаж және вулканизация объектілерінің жұмысына рұқсат берілсін» -делінген құжатта.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 3 тамыздан бастап қандай қызмет түрлеріне тыйым салынатынын хабарлап едік.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз