Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда инклюзивті театрдың ерекше шығармашылық кеші өтті

Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс алаңында «Талшын» инклюзивті театры «Махаббат әлемді құтқарады!» атты ашық аспан астындағы концертін өткізді. Шараның басты мақсаты – қоғамды төзімділікке шақыру, мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығын қолдау және тең мүмкіндіктерге жол ашу болды.

7d55e868 1ab8 48b0 81df 55dbf9f1541e

Көрермендерге махаббат, достық пен бейбітшілікті насихаттайтын қойылымдар ұсынылды. Арбадағы бишілер вальс билеп, көпшілікпен бірге флешмоб ұйымдастырды. Сондай-ақ қазақстандық эстраданың танымал әндері шырқалып, көрермендер әртістермен бірге қосыла ән айтты.

53c509f3 03ec 4ab6 a4f1 6581019524d1

Концертте алғаш рет үлкен сахнаға шыққан Гүлзада Еділова да өнер көрсетті. Ол көп жылдан бері ауыр дертпен күресіп келеді. «Бұл мен үшін алғашқы тәжірибе, әрине қатты толқыдым. «Үмітім – гүлім» әнін орындадым. Бұл ән мен үшін ерекше мәнге ие: мүмкіндігі шектелгеннен кейін мен, басқалар сияқты, үмітімді жоғалттым. Бірақ жақсыға сенуді тоқтатпау керек екенін түсіндім. Осындай жоба бар болғанына қуаныштымын», – деді ол.
Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов театрдың аймақтағы инклюзивтілікке қосқан үлесін атап өтті. Оның айтуынша, «Талшын» – тек мәдени шара емес, қоғамға мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін өзгеше қырынан көруге мүмкіндік беретін жоба.
Концерт «Біз де адамбыз» қоғамдық қоры «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен жүзеге асып жатқан «Шексіз шығармашылық» жобасы аясында өтті. ТШО өкілі Хэймиш Полстың сөзінше, мұндай шаралар қоғамдағы сыйластық пен қолдаудың маңызын айқындап, инклюзивті орта қалыптастыруға ықпал етеді.

f850c280 6a8c 459a 96e5 7c2c530acf32

Айта кетейік, жоба өткен жылы басталған. Қазір Атырауда арт-терапия, хореография, вокал және инклюзивті театр бағыттары бойынша тегін үйірмелер жұмыс істейді. Ал Құлсары қаласында қолөнер, хореография және вокал бағыттары іске қосылған. Жобаға қатысушылар саны ай сайын артып келеді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button