
Атырауда «Халық заңгері» акциясы өтуде
Бүгін, 31 қазанда Атырау қаласындағы Абай орталығында республикалық «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтіп жатыр. Шара кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Акцияның мақсаты – тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қолжетімді заң көмегін қамтамасыз ету.
Кеңес берушілер қатарында Әділет департаментінің, прокуратура мен полиция органдарының, сондай-ақ адвокаттар мен нотариустардың өкілдері бар.
Азаматтар тұрғын үй, әлеуметтік төлемдер, еңбек даулары, тұтынушылық құқықтар, несиелік міндеттемелер және өзге де өзекті мәселелер бойынша кеңес ала алады.
Бұл бастама еліміз бойынша дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жалпыұлттық құқықтық акция болып табылады.
Құжат рәсімдеуде немесе құқықтық сұрақтарда көмек қажет тұрғындар Абай орталығына сағат 20:00-ге дейін келіп, тегін кеңес алу мүмкіндігін пайдалана алады.
Майра ЕРҒАЛИ


